Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2022 жылғы 25 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 348 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 77 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. – 149, Рудный қ. – 49, Арқалық қ. – 26, Жітіқара қаласы және Әулиекөл ауданында – 25, Қостанай ауданы - 19, Қарабалық ауданы – 17, Жангелді ауданы – 12, Б.Майлин ауданы – 10, Федоров ауданы – 6, Лисаков қ. – 7, Денисов ауданы – 3.
292 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 42 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 14 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 299 адамда ауру белгілері болды, 49 жағдай -белгісіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2022 жылғы 25 қаңтар аралығында COVID-19-дың 45 104 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 41 741.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 351 881 адам, екінші компонентпен 333 436 адам вакцинацияланды.