«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

 

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі азаматтардың жекелеген санаттарының (қарттар, мүгедектер және т.б.) өмір сүру сапасын жақсарту элементі болып табылады. Ол әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы халықтың осы санаттарының өмір сүру сапасы мен материалдық әл-ауқат деңгейін арттыруға бағытталған.

«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мынадай азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетеді:

- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер ардагерлерге және басқа тұлғаларға;

- барлық санаттағы мүгедектерге жедел емделуге;

- туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емделудегі адамдарға;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккендерге;

- өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктерге;

- өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына;

- қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында тұрақты тұратын және Жітіқара ауданының аумағында тіркелген жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге беріледі.

Көмектің бұл түрі Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес тағайындалады. Ол үшін «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін алу қажет.

Әлеуметтік көмек тағайындау кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай себептер бойынша мүмкін:

- құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда;

- қызмет алушы қайтыс болған жағдайда;

- алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде, алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;

- өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, көрсетілетін әлеуметтік көмектің тоқтатылуы және қайтарылуы жүргізіледі.

Біржолғы әлеуметтік көмек ресімдеу үшін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттардың толық топтамасымен жүгіну қажет.

Жітіқара қ., Д.Асымбаев көш., 41 кабинет мекенжайы бойынша. Тел. 2-33-88