«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу».
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Осы Заңның мақсаттары үшін отбасы құрамына:
1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі;
2) мерзімді әскери қызметтегі;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ шын мәнінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз және электрондық. Форма оказания госуслуги: бумажная и электронная. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні, ауылдық жерлерде 18 күн.
2021 жылдың екінші тоқсанының басынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қызмет «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.
Бұл жағдайда өтініш беруші және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді жинау (дербес мәліметтер, санаты, банктік шот, тұратын мекенжайы, табыстары туралы мәліметтер және т.б.), әлеуметтік келісімшарттың алдын ала шартымен танысу, тексеру нәтижесі оң болған кезде өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы бар өтінішті қалыптастыру ЭҮП алаңында жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі тағайындау туралы хабарламаны, ал бас тартқан жағдайда оның себептерін көрсете отырып, Жұмыспен қамту орталығынан да, «Электрондық үкімет» порталы арқылы да алуға болады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
АӘК алатын, бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар отбасылар үшін тамақ өнімдері түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама, орта білім беру ұйымдарында оқитын ал алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасылар үшін тиісті оқу жылы кезеңінде тегін тамақтану көзделген.
Туындаған мән-жайларды ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жаңа өтініш жасалған кезде жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініштерді қабылдау жоғарыда көрсетілген қызметті көрсетудің дәстүрлі нысанына балама ретінде ЭҮП арқылы жүзеге асырылатын болады.
Электрондық-цифрлық қолтаңба болмаған жағдайда Жітіқара қаласы, Асымбаев көшесі, 51 мекенжайы бойынша «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және Халықты жұмыспен қамту орталығында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалануға болады.