Кәсіпорынның туған күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бүгінгі таңда Жітіқара ауданын «Костанайские минералы» акционерлік қоғамынсыз елестету мүмкін емес, қала мен комбинатты біртұтас құбылыс деп қабылдау тарихи қалыптасқан ақиқат.
Кәсіпорынның 56-жылдық тарихында кең өлкемізге еліміздің түкпір - түкпірінен келген жүздеген жұмысшылардың тағдыры құрылып, олардың қажырлы еңбегінің арқасында қуатты алып зауыт бой көтерді. Кеннің алғашқы тоннасын өндірген, алғашқы өнімін шығарған адамдардың есімдері Жітіқара ауданы мен "Костанайские минералы" акционерлік қоғамының даңқты еңбек өмірбаянына жазылған.
Бүгінгі таңда кәсіпорын алға жылжуда, жинаған тәжірибе мен болашаққа көздеген үлкен жоспарлар бар, инновацияларды белсенді қолданып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. «Костанайские минералы» АҚ — бұл сыртқы экономикалық қызметтің жарқын қатысушыларының бірі және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге танымал бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің лайықты үлгісі.
«Костанайские минералы» АҚ ұжымының тамаша еңбек дәстүрлері, жоғары кәсібилігі мен құзыреттілігі алдағы уақытта қазақстандық және халықаралық нарықта өздерінің көшбасшылық позицияларын сақтауға және нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Кәсіпорынға озық позицияда қалуға, дәстүрлерді сақтауға және инновацияларды дамытуға, саланың, ауданның, облыстың және елдің игілігі үшін ғылыми-білім беру және өнеркәсіптік кешенмен ынтымақтастықты нығайтуға тілектеспіз!
«Костанайские минералы» АҚ ұжымына денсаулық, бақыт, сіздерге және отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов