Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 23 қыркүйекте Қостанай облысында COVID-19-дың 104 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 3 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 33, Қостанай ауданы – 11, Рудный қаласы және Б.Майлин ауданында – 9, Денисов және Қарабалық аудандарында – 8, Лисаков қ. – 7, Әулиекөл ауданы – 6, Жітіқара қ. – 5, Арқалық қ. – 4, Қарасу ауданы – 4.
95 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 7 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 95 адамда ауру белгілері болды, 9 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 23 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 32 703 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 28 620.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 315 512 адам, екінші компонентпен 280 907 адам вакцинацияланды.