Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 22 қыркүйекте Қостанай облысында COVID-19-дың 105 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 3 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 40, Рудный қ. – 13, Б.Майлин ауданы – 11, Лисаков қ. – 10, Денисов ауданы – 7, Қостанай және Қарабалық аудандарында – 6, Арқалық қ. – 5, Мендықара ауданы – 4, Алтынсарин ауданы – 2, Қарасу ауданы – 1.
88 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 14 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 91 адамда ауру белгілері болды, 14 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 22 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 32 599 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 28 482.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 315 077 адам, екінші компонентпен 279 692 адам вакцинацияланды.