ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТУ ЖҮЗ ПАЙЫЗДЫ ҚАМТИДЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТУ ЖҮЗ ПАЙЫЗДЫ ҚАМТИДЫ

         Әлеуметтік зерттеулердің тәжірибесі мен қорытындысы көрсеткендей азаматтардың ойы бойынша түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы азаматтардың өздерінің жауапкершілік деңгейіне байланысты.

         Толығымен «комплаенс» деген ұғым – бұл ұйым белгілеген ережелер мен нормалар жиынтығы, адал бизнес құру мақсаттарына сәйкес келетін ұйым қызметкерлерінің іскери тәртібі.

         Егер он жыл бұрын комплаенс банктік салада немесе ірі халықаралық ұйымдардың еншілес ұйымдарында басымырақ дамыған болса, қазір мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік секторлар және жеке компаниялар комплаенсті өз қызметтерін бақылау мен жетілдірудің маңызды құралы ретінде қарастыратын  комплаенс мәселелеріне қызығушылық танытады.

         Заңнамаға сәйкес барлық компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілер болып табылады, бұл деген олардың барлығына сыбайлас жемқорлықты ескерту бойынша шаралар қабылдау уәкілеттігін беру деген сөз. Сонымен қатар, заңда квазисектор субъектілері болып табылатын компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді  анықтайды делінген.

         Қазіргі таңда аймақта квазимемлекеттік сектордың 331 субъектісі саналады.  Қазіргі сәтте комплаенс-офицерлердің функцияларымен аймақтың барлық 100% ұйымдары қызметкерлеріне жүктелген.

         "Комплаенс-офицер" қызметін енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ішкі бақылауды оңтайландыру саласындағы қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкес тиісті бизнес-процестерді үйлестіруді және оларды бақылауды жеделдетеді деп күтілуде.