«Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы

«Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы

Жітіқара ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы бөлімшесінің мамандары 2021 жылғы 28 шілдеде Жітіқара қ. «АБИС» ЖШС орталық базарының ғимаратында «Қауіпсіз өнімді таңда» акциясын өткізді. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі - бұл адамға және болашақ ұрпаққа зиянды әсер етумен байланысты жол берілмейтін қатердің жоқ екендігін куәландыратын тамақ өнімдерінің жай-күйі. Тамақ өнімдерінде ластаушы заттардың (контаминанттардың): радионуклидтердің, токсиндердің, адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін ауру тудыратын организмдердің болуына байланысты факторлар адамға зиянды әсер етеді. Бұл күні өнімдердің (көкөністер, жемістер, бақша өнімдері) құрамында нитраттардың болуына  9 сынамасы зерттелді, 4 оң нәтиже анықталды. Нитраттардың асып кетуі шабдалыда, қарбызда, Колхозшы қауынында, пиязда табылды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, сау болыңыз!