Көптеген провинциялық қалаларда қалыпты автобус қызметі дамымаған.

Көптеген провинциялық қалаларда қалыпты автобус қызметі дамымаған.

Көптеген провинциялық қалаларда қалыпты автобус қызметі дамымаған. Адамдар әрқашан қозғалыста және үнемі бір жерге асығады. Өзіңнің автопаркің және көптеген қызметкерлер болмаған кезде де шағын кәсіпорынды ашуға болады, ықыласын болса. Солардың бірі Кетибаев Алишер Тулегенович, 2019 жылы Жітіқара ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді, онда мамандар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы түсіндірді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолдама алды, соңында курсты аяқтағаны туралы сертификат берілді.

   2020 жылғы тамызда Жұмыспен қамту орталығына қайта келіп, микронесиелеудің екінші бағыты бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы кеңес алды, онда мамандар құжаттардың толық пакетін жинауға көмектесті. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолаушылар автокөлігін сатып алуға өтінім беріп, 6% - ды ғана төмен мөлшерлемемен алды. Жолаушылар тасымалы саласындағы карантиндік шектеулерге қарамастан, ол осы қызмет түрін ұйымдастыра алды. Бүгінгі күні Жітіқара қаласында 16 нөмірлі маршрут іске қосылды. Ал біз өз кезегімізде Алишерге оның қиын, бірақ қоғам үшін өте пайдалы еңбегінде табыс тілейміз.