Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тегін негізде көрсетіледі, талап етілетін қызметтердің бірі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» болып табылады. Бұл кызмет электрондық форматта, 4 жұмыс күні ішінде көрсетіледі,

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімдік каналдары) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрық» немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

 Көрсетілетін қызметті алушы үшін мемлекеттік қызметтерді көрсеткеніне ақы белгілеуге жол берілмейді, оларды тегін көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдендірілген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру және автоматтандырудың мақсаты мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін, оның ішінде:
Артық әкімшілік рәсімдерді және мемлекеттік органдардың келісуші бөлімшелерінің санын жою;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылатын қағаз құжаттардың санын қысқарту немесе оларды электрондық форматқа ауыстыру не оларды мәліметтер нысанымен ауыстыру;
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік органдарға жеке келуінсіз ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылы;
Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімдерін қысқарту арқылы жеңілдету және жеделдету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру тұрақты негізде жүргізіледі. Уәкілетті мемлекеттік органдар жоспар-кестеде көрсетілген мерзімде олардың құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы тәртібіне тексеру жүргізеді. Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы барлық ақпарат әлеуметтік желілерде, сондай-ақ мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.