Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 20 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 32 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,19 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 14, Рудный қ. - 5, Мендықара ауданы – 3, Арқалық қ., Денисов, Қарабалық және Б.Майлин аудандарында 2 – ден, Лисаков қаласы және Федоров ауданында 1-ден.
29 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 1 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 26 адамда ауру белгілері болды, 6 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 20 маусым аралығында COVID-19-дың 16449 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 15988.