Жатаған у кекіре (қызғылт) - зиянды және ең қиын жойылатын атпатамырлы көпжылдық
Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар "Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі" болып табылады.
Карантиндік іс-шаралардың орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы жұқтыру аумағының одан әрі ұлғаюына, жаңа жұқтыру ошақтарының пайда болуына, көрші жер учаскелерін жұқтыруына әкеледі.
Жатаған у кекіре (қызғылт) карантиндік объектімен залалдану аумағының ұлғаюы елдің халықаралық нарықтағы астық экспорттаушы ретіндегі имиджінің нашарлауына ықпал етеді. Карантиндік объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтаруға, залалсыздандыруға, карантиндік арамшөптерден тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Залалданған өнімді залалсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда алып қоюға және жоюға жатады.
Жатаған у кекіре (қызғылт) өрмекші тәрізді өсімдік, сабағы түзу қырлы, негізінен тармақталған. Жатаған у кекіре негізгі тік тамырдан тұратын қуатты тамыр жүйесімен сипатталады, жоғарғы бөлігіндегі негізгі тамыр қалыңдатылған, ағашты, 10 метр немесе одан да көп тереңдікке енеді. Көпжылдық өсімдік тамыр өсінділері мен тамырларының тұқымдарымен таралады. Жатаған у кекіре (қызғылт) тұқымдарының өнуі 3-4 жылға созылады.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабының 4-тармағы негізінде карантиндік объектілердің таралу ошақтарында карантиндік объектіні- жатаған у кекірені (қызғылт) шектеу, оқшаулау және жою мақсатында келесі іс-шараларды жүргізу қажет:
Осы тармақтарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылады!!!
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.