Жітіқара ауданында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жобаны іске асыру өз жалғасын табуда

Жітіқара ауданында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жобаны іске асыру өз жалғасын табуда

Жітіқара ауданында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жобаны іске асыру өз жалғасын табуда

 

27 сәуірде еңбек ұжымдарында және оқу мекемелерінде кездесулер қатары өтті, онда 150 адам қатысты.  

№3 мектеп-лицейінің, №12 ОМ мен политехникалық колледждің оқушылармен кездесу кезінде деструктивті діни ұйымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының басшысы Юлия Калюжная, деструктивті діни ұйымнан дәстүрлі діннің айырмашылығы жайлы айтып өтті, ұрпақтан ұрпаққа отбасыда берілетін сенімнің негіздерін білу маңыздылығына, деструктивті идеологиялық ықпалға иммунитет қалыптасу үшін ұлттық дәстүрді түсіну және құрметтеу керек екеніне тоқталып өтті. Адамдарды арбап алдау ғаламтор мен әлеуметтік желіде қарқынды болып жатқандықтан, қатысушылармен желідегі қауіпсіздік тілдесу тәсілдері мен ақпаратты тексеру амалдары талқыланды.

Қалалық әкімдік мамандары мен «Қостанай минералдары» АҚ қызметкерлеріне ата-аналар ретінде жүгіне отырып Ю.Калюжная адамның діні миссионерлердің арбауына түскенін қалай анықтауға болатынын, әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді алдап арбау қалай жүзеге асатынан, ата-аналар қандай қауіпсіздік шараларын қолдана алатынын айтты. Сондай-ақ Көмек көрсету орталығының тәжірибелер мысалдарға келтірді, ондай жандарға тегін заңгерлік және психологиялық көмек,  әлеуметтік жағынан ақпараттандыру көрсетілетінін сөзге тиек етті.

Егер сіз деструктивті діни ықпал ету мәселесіне тап болсаңыз, онда зардап шеккендерге көмек көрсету орталығына хабарласуға болады 87010663131.

 

 

Іс шара Жітіқара ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша Қостанай облысы психологтары қауымдастығымен өткізілді