Құрметті жітіқаралықтар !

Құрметті жітіқаралықтар !

Құрметті жітіқаралықтар !

 

         1 мамырда біз мемлекеттік мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеміз.  

Тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекетіміздің саяси бағыты еліміздің барлық ұлт өкілдері біртұтас қауымдастық, біртұтас Қазақстан халқы болуы үшін ұлтаралық келісімге бағытталған! Біздің еліміздегі барлық этностардың өз мәдениетін дамытуға, ана тілін, салт-дәстүрлерін сақтауға тең құқығы бар.    

Дәл сол үшін 1995 жылы бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясы  құрылды, оның мақсаты – еліміз көпұлтты халықтың рухани бірлігі мен достығын қалыптастыру. Этносаралық қатынастар саласындағы барлық шешімдер Ассамблеяның ел Парламенті Мәжілісіндегі 9 өкілінің қатысуымен қабылданады. Біздің басты құндылықтарымыз – келісім, бейбітшілік және Қазақстан халқының бірлігі.  

         2021 жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығының жылы.  Еліміздің барлық жетістіктерінде әрбір қазақстандықтың үлесі бар. Достық пен келісімнің көктемгі мерекесі - Қазақстан жерінде тұратын ортақ мүдделері мен  мақсаттарын көрсетеді және әрқашан бірлік пен ынтымақтастық рухын ұстанады.

Біздің ауданда 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады, аудан мектептері мен колледж, аудандық Мәдениет сарайы жанында этно-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді, олар ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосуда.  Біз бәріміз бір шаңырақ астында тату отбасы болып өмір сүреміз және жұмыс істейміз.   

Қымбатты жерлестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Зор денсаулық, бақыт, бейбіт аспан, береке мен өзара түсіністік, туған еліміз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!   

 

 

Жітіқара ауданының әкімі                                                 А. Ибраев