Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 15 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 28 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,20 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласы-11, Рудный қ. -9, Қарабалық және Қарасу аудандарында 2-ден, Әулиекөл, Қамысты, Қостанай және Ұзынкөл аудандарында 1-ден.
20 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 18 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 15 сәуір аралығында COVID-19-дың 14307 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 13008.