2021 жылғы 4 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 35 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,25 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 18 тұрғыны, Рудный қ. - 11, Денисов, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Б.Майлина аудандарында және Лисаковск қ. 1-ден.
30 өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 5 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 27 адамда ауру белгілері болды, 8 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 4 сәуірде аралығында COVID-19-дың 13 962 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 12 314.