Қымбатты әйелдер қауымы!

Қымбатты әйелдер қауымы!

Қымбатты әйелдер қауымы!

Ғажайып көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Көктемнің алғашқы күндерінің бірі Сіздерге, аяулы аналарымызға, әжелерімізге, жан жарларымызға, қарындастарымызға, қыздарымызға арналғаны өте тамаша. Шаңырағымызды, қоршаған ортамызды сенімге, үмітке және жайлылыққа толтыра білу – тек қана әйелдерге берілген табиғи дарын. Күн сайын ер азаматтарымызды үздік жетістіктерге шабыттандыра отырып, қайталанбас әсемдік пен нәзіктікті көрсете аласыздар. Сіздерге әрқашан сүйкімді, қайырымды, шырайлы болуыңызды тілейміз, өйткені осы қасиеттердің арқасында өміріміз жарқын әрі көңілді бола түседі.       

8 наурыз табиғат жандана басталуының белгісі, әрқайсымызға өмір сұлулығын ұялатады, тамаша мен қуанышты көңіл-күй сыйлайды.         

Біз биыл атаулы мерейтойымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің                    30-жылдығын атап өтеміз. Жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы қазақстандық әйелдердің рөлін асыра бағалау мүмкін емес – олар өздерін бизнесте және мемлекеттік құрылымдарда жақсы көрсете біледі, саяси үдерістерге белсене қатысады. Балаларымызды көпұлтты халқымыздың өнегелі дәстүрлеріне шексіз құрмет, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу толықтай әйелдерге байланысты.  

Қымбатты әйелдер, Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жан жылуын, мәңгілік сұлулық тілеймін. Бұл көктемгі мереке Сіздерге қуаныш, жақындарыңыздың қамқорлығы мен махаббатын сыйласын, барлық армандарыңыз бен үміттеріңіз орындала берсін. 

 

 

                 Жітіқара

          ауданының  әкімі                                                         А.Ибраев