Жітіқара ауданының Забелов ауылы әкімінің аппаратымен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді

Жітіқара ауданының Забелов ауылы әкімінің аппаратымен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 2021 жылғы                     23 ақпанда Жітіқара ауданының Забелов ауылы әкімінің аппаратымен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
  2. 2021-2023 жылдарға арналған Забелов ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу, жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу бойынша - қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының 776,0 мың теңге бос қалдығын бөлу; 201,5 мың теңге мөлшерінде көлік шығындарын оңтайландыру және басым емес (өндірістік емес) шығындарды азайту арқылы бюджеттік бөліністерді қайта бөлу; аудандық бюджеттен 1700,0 мың теңге сомасында трансферттер түсімі.

Жиналыс өткізудің қорытындысы бойынша ШЕШТІ:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы – Екатерина Николаевна Гусейнова, жиналыстың хатшысы Любовь Алексеевна Гайнцева сайланды.
  2. 2021-2023 жылдарға арналған Забелов ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселені жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісілді деп саналсын.

         2021 жылдың басына 776,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдығын келесі шығыстарға бағыттауды ұсынамыз: «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер» ескерткішін ағымдағы жөндеу – 776,0 мың теңге. Көлік шығыстарын оңтайландыру және басым емес (өнімді емес) шығыстарды қысқарту есебінен «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасынан «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасына 201,5 мың теңге сомасында бюджеттік қаражатты қайта бөлу, сондай-ақ аудандық бюджеттен 1700,0 мың теңге сомасында трансферттер мынадай шығыстарға бағытталсын: аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету – «Адалдық алаңы» тұжырымдамасының бірыңғай брендбукін пайдалана отырып, «openspace»  қағидаты бойынша сервистік әкімдіктер ашу шеңберінде қызметтік үй-жайларды ағымдағы жөндеуге 1700,0 мың теңге.