Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысын онлайн, Whatsapp мессенджері (БейнеКонференцБайланыс) арқылы өткізді

Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысын онлайн, Whatsapp мессенджері (БейнеКонференцБайланыс) арқылы өткізді

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы                 25 ақпаңға Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысын онлайн, Whatsapp мессенджері (БейнеКонференцБайланыс) арқылы өткізді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
  2. Мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласының, ауылдарының және ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Жиналыс өткізудің қорытындысы бойынша ШЕШТІ:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы болып Денис Владимирович Шандер, жиналыстың хатшысы болып Юрий Андреевич Миллер сайлансын;
  2. Мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған Жітіқара ауданының Жітіқара қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімінің жобасы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісілсін.