Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ​

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ​

2021 жылғы 25 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 65 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,53 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 38 тұрғыны, Рудный қ.- 6, Алтынсарин, Ұзынкөл және Әулиекөл аудандарында 4-ден, Сарыкөл ауданында 2, Арқалық қаласында және Денисов ауданында 1-ден, Федоров ауданында - 5 жағдай.
46 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 18 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 50 адамда ауру белгілері болды, 15 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 25 ақпан аралығында COVID-19-дың 12185 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10759.