«Жітіқара ауданының ГУ «Аппарат акима
Чайковский ауылы села Чайковское
әкімінің аппараты» ММ Житикаринского района»
ХАТТАМА ПРОТОКОЛ
№___
2021 жылғы « 23 » ақпан « 23 » февраля 2021 года
Чайковский ауылы село Чайковское
Чайковский ауылы жергілікті
қоғамдастығының жиналысы
Өткізу орыны – Чайковский орта мектебі
Чайковский ауылының аумағында тұратын және жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 18 адам.
Қатысты – жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері, ауыл әкімі аппаратының кызметкерлері – барлығы 21 адам.
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық жиналысының 18 мүшесі:
10.Гималетдинова Умут Асыгатовна
11.Ошанов Алмас Омарович
12.Анциферов Валерий Геннадьевич
13.Байбисов Куаныш Каримович
14.Махмутов Талапкер Жуманович
15.Донос Валентина Атпаевна
16.Нурманов Алмаз Жумагазизович
17.Столяр Ирина Алексеевна
18.Аязбаев Аргынгазы Журимбергенови
Ауылдық әкімі аппаратының қызметкерлері:
ТЫҢДАЛДЫ: Чайковский ауылының әкімі Д.Б. Тунжумановты – күн тәртібін бекітуді ұсынды:
1.Жергілікті қоғамдастық жиының төрағасын және хатшысын сайлау туралы;
2.Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен Чайковский ауылының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы келісу: қаржы жылының басында пайда болған бюджет қаражатының бос қалдығын 385,0 мың теңге сомасында бөлу; көлік шығыстарын оңтайландыру және басым емес (өнімді емес) шығыстарды қысқарту есебінен 164,1 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын қайта бөлу.
Күн тәртібін бекітуге дауыс беруді ұсынамын.
Дауыс берді: «қолдады» – 18 адам; «қарсы» – 0 адам; «қалыс қалды» – 0 адам.
Қабылданды: бірауыздан.
КҮН ТӘРТІБІ:
ТЫҢДАЛДЫ:
Тунжуманова Д. Б. - жергілікті қоғамдастық жиналысын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлау қажет.
Сізден кандидатураларды ұсынуды сұраймын. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы – Совет Калиаскарович Кабуловты, жиналыстың хатшысы болып –Екатерина Викторовна Шаденованы бірауыздан сайлансын. Мен жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелеріне дауыс беруді ұсынамын.
Дауыс берді: «қолдады» – 18 адам; «қарсы» – 0 адам; «қалыс қалды» – 0 адам.
Қабылданды: бірауыздан.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Бірауыздан жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы - Совет Калиаскарович Кабуловты, жиналыстың хатшысы болып –Екатерина Викторовна Шаденованы сайлансын.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Совет Калиаскарович Кабулов жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы.
Құрметті қатысушылар, жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері бүгінгі жиналыстың баяндамалары, қосымша баяндамалары, жарыссөздерінде сөз сөйлеу регламентін айқындауға рұқсат етіңіз.
Регламент:
Құрметті жиналыстың мүшелері күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Чайковский ауылының әкімі Даулет Бикетович Тунжумановқа сөз сөйлеуі үшін рұқсат етіңіздер.
Бар қарсылық? Жоқ.
Сөз сөйлеу үшін сөз Даулет Бикетович Тунжумановқа беріледі.
ТЫҢДАЛДЫ:
Чайковский ауылының әкімі Д. Б. Тунжумановты
Құрметті жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері, Чайковский ауылыңың 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізуді жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу туралы күн тәртібінің мәселесін қарауға көшеміз.
Қаржы жылының басында пайда болған бюджет қаражатының бос қалдығын 385,0 мың теңге сомасында келесі шығыстарға бағыттауды ұсынамыз: елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру - 35,0 мың теңге; Мемлекеттік органның күрделі шығыстары - 350,0 мың теңге. Көлік шығыстарын оңтайландыру және басым емес (өнімді емес) шығыстарды қысқарту есебінен бюджет қаражатын «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламадан «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламаға 164,1 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын қайта бөлу.
Ауылдық округтің бюджетін нақтылау жүргізілгеннен кейін шығыстар бюджеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын болады:
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Жиналыс төрағасы Совет Калиаскаров Кабулов. Құрметті жиналыс мүшелері, сіздер Чайковское ауылының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне енгізілген түзетулермен таныссыздар. Қандай да бір ұсыныстарыңыз немесе ескертулеріңіз бар ма? Жоқ.
Егер ұсыныстар мен ескертулер болмаса, жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерінен Жітіқара ауданының Чайковский ауылы 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне енгізілетін өзгерістерді келісу үшін дауыс беруді сұраймын.
Дауыс берді: «қолдады» – 18 адам; «қарсы» – 0 адам; «қалыс қалды» – 0 адам.
Қабылданды: бірауыздан.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Чайковский ауылының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісілген болып есептелсін.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Кабулов С. К. жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы
Құрметті жиналыс мүшелері, қосымша сұрақтар бар ма? Сөз сөйлейтіндер бар ма? Жоқ.
Қандай сұрақтар, ұсыныстар болады? Жоқ.
Егер сұрақтар, ұсыныстар болмаса, жергілікті қоғамдастық жиналысын жабық деп санауға рұқсат етіңіз.
Назарларыңызға рақмет. Қош бол.
Төраға: С. Кабулов
Хатшы: Е. Шаденова