19 ақпанда Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысын өткізді

19 ақпанда Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысын өткізді

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 2021 жылғы 19 ақпанда Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысын өткізді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
  2. 2020 жылғы Ырсай ауылы бюджетінің орындалуы туралы есеп.

Жиналыс өткізудің қорытындысы бойынша ШЕШТІ:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы – Есимжан Салимжанович Хамзин, жиналыстың хатшысы Алла Валерьевна Пучина сайланды.
  2. Ырсай аулының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісілген болып саналсын. Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ауыл бюджетінің орындалуына мониторинг жүргізуі қажет. Мониторинг жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерді салыстыру арқылы ауыл бюджетінің бекітілген көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту мақсатында жүргізіледі.