Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ​

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ​

2021 жылғы 21 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 125 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,4 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 68 адам, Рудный қ. -25, Лисаковск қ. – 5, Федоров ауданында – 4, Қостанай, Қарабалық, Майлин атындағы аудандарда 3 адамнан, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарында және Жітіқара қ. 2 адамнан, Арқалық қ., Денисов, Қарасу, Алтынсарин, Қамысты, Меңдіқара аудандарында 1 адамнан.
107 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 7 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған мақсатында, 7 адам стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта, 4 адам профилактикалық мақсатта, "Қайрақ", «Желқуар» және «Обаған» автоөтпе арқылы мемлекеттік шекараны өткен кезде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 99 адамда ауру белгілері болды, 26 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 21 қаңтар аралығында COVID-19-дың 9003 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7923.