«Отан сезімі, өз еліне деген мақтанышы
рәміздер құрметтеуден басталады.
Сондықтан барлық уақытта мемлекеттік
рәміздер – ұлттық мақтаныш көзі болғандықтан,
оған қарауы да ерекше».
Нұрсұлтан Назарбаев
Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігіміздің, өткеніміз және болашағымыздың кейіптеуі және олардың белгілі бір тарихи, мәдени құндылықтары, мұрасы мен дәстүрлері бар.
Көгілдір ту, ұшатын қыран, жарқыраған күн, әнұран, елтаңба – белгілі бір тарихи дәстүрлері бар біздің қазақстандық символикасы.
Еліміздің мемлекеттік рәміздері Нұрсұлтан Назарбаев атымен тарихи тұрғыдан байланысты, Қазақстан Республикасы дербес егемен мемлекеті мен оған қоса еліміздің Ту, Елтаңба және Әнұран пайда болуына Елбасы бар күшін салды.
Дүние жүзінде 7 000 астам ұлты бар, бірақ олардың көбісінде өз мемлекеттік рәміздері жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді білуге және сүйіспеншілікпен қарауға құқылы, себебі мемлекеттік рәміздердің мәні мен мағынасы әр азаматта патриотизм рухын оятып, өз еліне деген мақтаныш сезімін туғызады.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері алғашқы рет қабылданды.
2007 жылы 04 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы қабылданды, ал 2007 жылы қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік рәміздерді орнату ережелерін бекітетін Қаулысы қабылданатын болды.
Туын қай жерде орнату, Елтаңба қайда орналастыруы мүмкін, қандай ғимарат пен мекемелерде, Әнұран қайда орындай алуға болады – осының барлығы заңды және заңға тәуелді актілерде нақты жазылған.
Бұрыңғы Ережелерде мемлекеттік туының басқа ғимараттарда орналастыруына тыйым салынған жоқ, бірақ та мемлекеттік мекемелерден басқа жерде орналастыру жайында нақты айтылған жоқ. А.ж. 4 маусымда бүкіл елде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді. Мерекелеу аясында бүкіл елде, оның ішінде Жітіқара ауданында, қалайтындардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туын үйлердің балкон мен терезеде орналастыруымен «Менің туым» республикалық акция өтетін болған.
А.ж. қазанда әлеуметтік желілердің пайдаланушылары «Мен туымды мақтан етемін» - «Я горжусь своим флагом» атты патриоттық акциясын іске қосылып, сол акция аясында қалайтындар әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік ту жанындағы фотосуреттер, аватаркалар орналастырды, сондай-ақ туынды ғимараттарда, оның ішінде үйлердің балкон мен терезеде орналастырды.
Бұл Президенті Қасым-Жомарт Токаевті туының пәтерлердің балкондарда және жекеменшік үйлердің қабырғаларында көрсетуін шектелетін қолданыстағы заңнаманы қарауға қозғалтты. Және де қазанның соңында қолданыстағы заңнамада дәлсіздіктері бар екендігін ескере отырып, әйтсе де мемлекеттік рәміздер пайдалану Ережелерін қайта қарауды тапсырды.
2020 жылдың 27 қарашада ҚР Премьер-Министрі Аскар Мамин Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және олардың суреттерді, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік Әнұран мәтінді қолдану (орнату, орналастыру) Ережелерін бекіту туралы» қаулысына ҚР Мемлекеттік Туынды ғимарат қасбетіне орналастыруды рұқсат ететін түзетулерге қол қойды.
Енгізілген түзетулерге сәйкес қазір Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жеке және заңды тұлғаларға ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес жай) , оның ішінде балкондарда және патриоттық сезімдер көрсетуін, қазақстандық бірдейлігін, ел, халық жетістіктер қолдауын көрсету мақсатында салтанатты іс-шаралар өткізу орындарда қолдануға (орнатуға, орналастыруға) рұқсат етіледі, бірақ ең бастысы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының орынды және инабатты қолданылуы (орнатуы, орналастыруы).
Мемлекеттік туына қарағанда, мемлекеттік елтаңбаның ғимаратта және жекеменшік тұрғын жайында қолдану мен орналастыру мүмкіндігі заң мен Ережелерімен қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – ел тәуелсіздігі мен егемендігінің символдары. Халқымыз өз мемлекеттік рәміздерге ие болу құқыққа жетпес бұрын біраз қиындықтан өтті. Әбір қазақстандық өз Отан үшін патриот болуға міндетті, өйткені Бернард Шоудың айтқанына сүйенсек «Патриотизм деген - сенің елің басқадан сенің туғаныңнан артық».
Қорытындыға келетін болсақ, құрметті біздің ауданымыздың тұрғындары, Сізер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін алдағы мерекелуіне ұштастырылған республикалық патриоттық акциясында қатыса алатындарыңызды хабарлаймыз, ең бастысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орынды және инабатты орналастыруларыңызды ұмытпаңыздар.
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімі» ММ