БАҚ-та және әкімдіктің ресми сайтында жариялау үшін хабарландыру

БАҚ-та және әкімдіктің ресми сайтында  жариялау үшін хабарландыру

БАҚ-та және әкімдіктің ресми сайтында

жариялау үшін хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2020 жылғы 21 желтоқсанда Жітіқара ауданының әкімі Ибраев Абай Сәрсембайұлының «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2020 жылғы 3-14 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін) 2-06-55 телефоны бойынша алуға болады.

Өтініштің үлгісі

 

 

Әкім __________________

(Кімнен) аты -жөні _______________

мекенжайы ____________________

телефоны __________________

ЖСН _____________________

 

Жеке қабылдауға жазылу туралы өтініш

 

Мені келесі мәселе бойынша Бірыңғай қабылдау күнінің тізіміне енгізуді сұраймын.

Мәселенің мәнін егжей-тегжейлі көрсетіңіз.

Қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса беріңіз.

Күні                                                                                                                         Қолы 

Ескертпе: өтінішті пошта арқылы жіберуге, қолма-қол жеткізуге, Электрондық Үкімет порталы арқылы жіберуге болады (қолданыстағы заңнамаға сәйкес электрондық өтінішке автордың ЭЦҚ-мен қолы қойылуы тиіс, яғни ЭЦҚ-дағы және өтініштегі ТАӘ сәйкес келуі тиіс).