Заңды сақтау – қоғамдық келісімнің негізі

Заңды сақтау – қоғамдық келісімнің негізі

Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясына қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары консультативтік-кеңесші органның басым міндеттерінің бірі ретінде Қазақстан халқының бірлігін және азаматтық келісімді нығайтуды атап өтті.

Жітіқара ауданында діни ахуал тұрақты сақталуда. Оны қамтамасыз етуде мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына негізделген дәйекті мемлекеттік саясаты маңызды рөл атқарады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ішкі саясат бөлімінің басшысы М.А. Джетенов ауданның мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік ұйымдарының қызметкерлерімен «Қазақстан – зайырлы мемлекет: конституциялық-құқықтық аспект» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген мемлекеттің зайырлы сипатын айқындайтын негізгі нормалар, сондай-ақ діни қызмет пен діни бірлестіктерге қатысты заңнама талаптары түсіндірілді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында заңнама талаптарын сақтау және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне назар аударылды. Әсіресе кәсіби, білім беру және спорттық ортада, оның ішінде басшылар, жаттықтырушылар мен нұсқаушылар тарапынан діни көзқарастарды таңуға және діни сенімдерді насихаттауға жол бермеу қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар отбасы мүшелерінің, әсіресе кәмелетке толмағандардың діни мәселелер және ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлық жөніндегі құқықтық әрі ақпараттық сауаттылығын арттыру қажеттігі атап өтілді.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өзара құрметті нығайтуға , қоғамдық және конфессияаралық келісімді сақтауға бағытталған.