Құрметті жітіқаралықтар!

Құрметті  жітіқаралықтар!

Құрметті  жітіқаралықтар!

 

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Тұңғыш Президент күні – жас Қазақстан еліміздің дамуы мен мемлекеттілігін қалыптасуында жаңа кезең ашатын мерекесі. Бұл көпұлтты қазақстандық халқымыздың мерекесі және оның тарихи таңдау бірлігінің күні. Қазақстан халқымыздың өз Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жоғары сенім мен шексіз құрметінің дәлелдеуі болып табылады.

Тұңғыш Президентімізбен бірге ар-намысымыз сақтай отырып,  қиыншылақтары мен ауыр кезеңнен өттік. Оның даналы басшылылығымен Қазақстанымызда бейбітшілік пен тұрақытылық сақталатыны белгілі, экономиканың барша салаларының қарышты дамуы жүргізіліп жатыр, әлеуметтік аспектілерге ерекше назар аударуда. Қазақстан осы жылдары өз әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында әлемдік үрдістер қалпында жүрді.

Бүгін Қазақстан орнықты қалыптасқан ұлтаралық келісімі мен тұрақты дамып келетін экономика, ғалым мен мәдениетімен, қоғамдық өмірдегі барлық бағыттары бойынша өзгерістерге жеткен мемлекет болды.

Елімізде саяси тұрақтылық сақталуда, біз басты құндылықтарымызды – толеранттылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, татулық пен бейбітшілік нығайтып жүрміз. Өз жетістіктерімен, қоғамдық-саяси өмірдегі терең өзгерістерімен біздің Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың  құрметіне ие болып лайықты орын алды.

Құрметті жерлестер! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, еңбекте табыс, бақыт, әр шаңыраққа бейбітшілік пен амандық тілеймін.

Біздің Еліміз – Қазақстан Республикамыз одан әрі дамытып, күш-қуаты мол болып, гүлдене берсін! Жасап отырған бастамаларыңыз толы, болашағымыз жарқын болсын!

 

 

Жітіқара ауданының әкімі                                               А. Ибраев