Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер конкурсына қатысушыларды марапаттау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер конкурсына қатысушыларды марапаттау

2026 жылғы 7 тамызда «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер конкурсына қатысушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға жұртшылық өкілдері қатысты.

Конкурсқа 5 жұмыс ұсынылды, тәуелсіз конкурстық комиссия 1, 2 және 3-орынға ие болған жеңімпаздарды анықтады, жеңімпаздар дипломдармен және естелік жүлделермен марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

1-орын №12 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының бейнеролигіне, 2-орын – №10 жалпы білім беретін мектептің бейнеролигіне, 3-орын – Литвинова София мен Жітіқара политехникалық колледжінің оқушыларына берілді. Благодарственное письмо за участие вручили учащимся школы-лицея имени Абая.

Конкурсқа қатысушылар өздерінің шығармашылығы арқылы сыбайлас жемқорлықтың қандай қауіп төндіретінін көрсетті, сыбайлас жемқорлықты толық қабылдамайтындықтарын білдірді.

Барлық бейнероликтермен Ютуб арнасында «Жітіқара адалдық алаңы» https://clck.ru/3V7GBj таныса аласыздар.