Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 21 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 75 жағдайы тіркелді, тәулік ішінде саырқаттанушылықтың өсім қарқыны 1,6% құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 35 адам, Федоров ауданында - 11, Лисаковск қ. – 5, Қамысты ауданында - 5, Рудный қ. – 4, Алтынсарин ауданында - 3, Әулиекөл ауданында - 3, Қостанай ауданында – 3, Б. Майлина атындағы ауданда – 2, Жітіқара ауданында – 1, Денисов ауданында – 1, Қарасу ауданында – 1, Меңдiқара ауданында - 1.
58 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болғандықтан тексеріп анықталды, 1 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар) анықталды. Індет жұқтырғандардың ішінде 52 адамда ауру белгілері болды, 23 адамда – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 21 қараша аралығында COVID-19-дың 4700 жағдайы тіркелді, 3600 адам емделіп шықты.