Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 20 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 72 жағдайы тіркелді, тәулік ішінде саырқаттанушылықтың өсім қарқыны 1,6% құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 17 адам, Рудный қ. – 13, Лисаковск қ. – 11, Жітіқара ауданында – 8, Денисов ауданында – 7, Қостанай ауданында – 6, Қарабалық ауданында – 2, Сарыкөл ауданында – 2, Б. Майлина атындағы ауданда – 2, Алтынсарин ауданында – 1, Әулиекөл ауданында – 1, Амангелді ауданында – 1, Арқалық қ. – 1.
58 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 адам коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болғандықтан тексеріп анықталды, 5 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар) анықталды. Індет жұқтырғандардың ішінде 61 адамда ауру белгілері болды, 11 адамда – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 20 қараша аралығында COVID-19-дың 4625 жағдайы тіркелді, 3551 адам емделіп шықты.