Жітіқара ауданында Астана күні атап өтілді

Жітіқара ауданында Астана күні атап өтілді

Аудандық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Астана күніне арналған «Елорда – елдің жүрегі» атты салтанатты іс-шара өтті. Мереке ел дамуының жаңа кезеңін ашатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген кезеңде атап өтілетіні қуантарлық жайт.

Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев аудан тұрғындарына құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтап, бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі.

Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес - "Күміс алқа" алқаларымен-алты бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналар Гульдана Зибарова мен Айша Сейтова марапатталды.

Ауданның жеке орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары аудан тұрғындары қуанышқа бөленді.

Осынау керемет іс-шара өткізу - еліміздің басты қаласына деген құрметінің белгісі. Мерекелік рух, бірлік пен Қазақстанға деген мақтаныш сезімі аудан тұрғындарын бір арнаға тоғыстырды.