
2026 жылғы 29 маусымда Қостанай облысы полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі А.А. Логвиненконың қатысуымен Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға тарту бойынша жұмыс, жол қозғалысы қауіпсіздігі, аудан жолдарындағы апаттылық деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі, малдың қатысуымен болатын ЖКО алдын алу мәселелері талқыланды.
Комиссия мүшелері сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мәселелерін талқылады.
Барлық қаралған мәселелер бойынша уәкілетті профилактикалық субъектілерге нақты тапсырмалар әзірленді.