Құрметті мамандар!

Құрметті мамандар!

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық елді мекендерге білікті мамандарды тарту және оларды әлеуметтік қолдау мақсатында жүзеге асырылады.

Бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.

2026 жылы бағдарлама аясында:

✅ 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы беріледі – 432 500 теңге;

✅ Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2 000 АЕК-ке дейін бюджеттік кредит беріледі – 8 650 000 теңге;

✅ Кредиттің сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 1%;

✅ Кредит мерзімі – 15 жылға дейін.

Бағдарламаға қатысушы ауылдық елді мекенде мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттенеді.

Қосымша ақпарат алу үшін Жітіқара ауданы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не хабарласуға болады.

☎️ 2-27-43