Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қызметтік әдеп мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қызметтік әдеп мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай нығайтуға және мемлекеттік органдарда қызметтік әдептің жоғары стандарттарын сақтауға болады?

Бұл мәселелер 2026 жылғы 11 маусымда аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер мен Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен дөңгелек үстелдің басты тақырыбына айналды.

Іс-шараның бірінші бөлігінде 4ҮББ менеджері Е. Вазенмиллер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, 4ҮББ жобасын іске асыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы жұмыс туралы баяндады.

Аудан жастары түсірген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер қаралды, бейнероликтерде олар өздерінің сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтындығын және сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын салдарларды көрсетті.

Әдеп жөніндегі уәкіл Т. Жабулов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен әдеп стандарттарын сақтау бүгінде заңнама талаптары ғана емес, әділ, ашық және есеп беретін мемлекет құрудың аса маңызды шарттары болып табылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар әдеп нормалары мен парасаттылық қағидаттарына адалдықтарын білдіре отырып, талқыланатын мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мұндай кездесулер - өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, адал, ашық және тиімді мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталған тәжірибе, пікір және үздік тәжірибелермен алмасу мүмкіндігі.