
Оспанов Дияз Маратұлы
Дияз Маратұлы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де әдіскер болып бастады, кейін жеке құрылымдарда қызмет етті.
2024 жылғы желтоқсанда «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысты.
2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап Дияз Маратұлы осы лауазымда қызмет етеді, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысады, үстел теннисімен айналысады, бірнеше рет аудандық және облыстық спорттық іс-шараларға қатысты. Қойылған міндеттерді шешуге жауапкершілікпен қарайды, ұжымда құрметке ие.