
Электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым көппәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.
Көппәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым кондоминиум объектісін басқару, МИБ, ПИТК органының уәкілетті өкіліне техникалық шарттар береді.
Техникалық шарттарды алу үшін қажетті құжаттар
Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар тұтынушыға электр энергиясын пайдалану қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру үшін еркін нысандағы өтініш және өтінішке сұрау парағы негізінде беріледі. Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары тұтынушылар сауалнама парағына жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді.
Техникалық шарттарды алу мерзімдері
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысанда өтініш алғаннан кейін жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын Электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар:
– техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін-5 (бес) жұмыс күні ішінде;
– техникалық күрделі объектілер үшін - 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.
Техникалық шарттар орындалғаннан кейін тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұтынушыны қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі жасалады.
Көппәтерлі тұрғын үйлер үшін энергия беруші ұйым мен кондоминиум объектісін басқаратын орган арасында теңгерімдік тиесілігін ажырату актісі жасалады.
Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезеңінде уақытша техникалық шарттар беріледі.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7-1-тармағына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан астам асып кетсе, уақытша техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттарды берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін ұсынбаса техникалық шарттар жарамсыз болып саналады.
Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Жобаланатын желілерден техникалық шарттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.
Егер тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспесе
Техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама жасау ұйымына жүгінеді. Сараптама жасау ұйымы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады. Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізсіздігі туралы энергетикалық сараптаманың қорытындысы негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарды алуға еркін нысанда өтінішті қайта береді.Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымданады.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдерінің жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылау
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі регламенттелетін электр энергиясын пайдалану ережелері сияқты нормативтік-құқықтық актілер бар. Қостанай облысы бойынша МЭҚБК департаменті Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жүргізеді.
Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда, қала және облыс тұрғындары (тұтынушылар) олардың әрекеттеріне, Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75, 3 қабат, 320 кабинет, жұмыс телефоны 50-02-60, немесе «E – Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы Қостанай облысы бойынша МЭҚБК департаментінде шағымдана алады.