
🌱 👥 Жасақ мүшелері күнделікті қоғамдық аумақтарды күтіп-баптау, абаттандыру, санитарлық жағдайды сақтау жұмыстарын жүргізеді. Олардың жауапкершілікпен қарауы мен белсенді қатысуының арқасында қала көшелері, саябақтар мен алаңқайлар таза, абаттандырылған және көрікті бола түсуде. 🌳✨
♻️ «Жасыл Ел» еңбек жасағына қатысу экологиялық ахуалды сақтауға себептеседі, өскелең ұрпақты еңбекке, тазалыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке баулиды. 🌍💚
#ТазаҚазақстан