«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Жітіқара ауданында ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты 🌱

Аумақты тазарту Жеңіс саябағынан басталып, Шортанды өзенінің бойында жалғасты. Акция барысында қатысушылар ауданды абаттандыруға өз үлестерін қосып, қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазартты және іргелес учаскелерді ретке келтірді.

Мұндай іс-шаралар тұрғындарды біріктіріп, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастырады.

 

# ТазаҚазақстанүшін

# ТазаҚазақстан

#Жітіқара ауданы