Құрметті жітіқаралықтар!

Құрметті жітіқаралықтар!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81-ші жылдығымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!     

Бұл қастерлі күн – қажырлық, батылдық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символы. Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес.           

Миллиондаған адамдардың тағдырын ойрандаған, тарихтағы ең ауыр әрі қантөгіс соғыстардың бірі. Бұл күні біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз.

Қайтпас қайсар қайратымен қан майданда ерлік көрсеткен Кеңес Одағының қаһармандары, жітіқаралықтар – Естай Есжанов пен Егор Хачиннің есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейді.  

Отанымызды қорғау үшін қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен ардагерлерге,  батырлық еңбегімен Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерге алғысымыз шексіз. Сіздердің ерліктеріңіз жүрегімізде мәңгі сақталады. 

   Құрметті жітіқаралықтар, Сіздерді шын жүректен Жеңіс күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, құт-береке, бейбіт пен келісім, ашық аспан тілеймін!  

 

                              Жітіқара

                      ауданының әкімі                                                                              А. Жаныспаев