Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт

Жітіқара ауданында батылдық, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік ұлықтайтын мереке - Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт болып өтті.

Іс-шара барысында Жітіқара ауданының әкімі А.А. Жаныспаев әскери қызметтің маңыздылығын, әскери қызметшілердің, ардагерлер мен қызмет өкілдерінің тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілер мен өзге қызмет өкілдерін жоғары кәсібилігі және адал еңбегі үшін марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік бағдарлама екі бөлімнен тұрды - салтанатты бөлім және   концерттік қойылымдар. Көрермендер үшін патриоттық әндер шырқалды, вокалдық және би нөмірлері ұсынылды.

Іс-шара аудан тұрғындарын біріктіріп, ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметінің маңыздылығын   еске салды.