
Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті.
Отырыста есірткіге тәуелділіктің алғышарттары, оны ерте анықтау және алдын алу тәсілдері туралы мәселе қаралды.
Жітіқара аудандық ауруханасының нарколог-дәрігері Н. Пивкин есірткіге тәуелділік алғаш қолданудан бастап қалыптасатынын және қауіптілігі - адам өзінің тәуелділік дәрежесін процесс қайтымсыз болғанға дейін түсінбейтіндігінде екендігін атап өтті.
Комиссия мүшелері, әсіресе балалар мен жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейту жөнінде ұсыныстар енгізді.