
Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста «Житикаракоммунэнерго» МКК-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселе қаралды.
«Житикаракоммунэнерго» МКК директорының м.а. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті ұйымдастыруға жүйелі жұмыс үшін жауапты тұлғалар тағайындалғанын, бекітілген іс-шаралар жоспары іске асырылып жатқанын, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері анықталмағанын хабарлады.
Комиссия мүшелері мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қатаң сақталуына, атап айтқанда, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа уақытылы талап-арыз беруге назар аударды.