Құрметті жітіқаралықтар!

Құрметті жітіқаралықтар!

Қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Қасиетті Рамазан айы – бұл рухани тазалау, қайырымдылық пен игі істер кезеңі. Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.

Ораза айт - қонақжайлылық пен мейірбандылықтың, достық пен татулықтың мерекесі. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, ақ баталарын береді.

Ауданымыз, жалпы Қазақстанымыз да – бейбіт, келісім мен өзара сыйластық мекені. Рухани құндылықтарға, көршілік пен бірлікке құрметпен қарау әл-ауқатымыздың берік тірегі болып қала береді.  

Ұлық, қастерлі Ораза айт мерекесі баршаңызға жақсылық, ынтымақ-бірлік әкелсін, әр шаңырақта береке орнасын!

Айт қабыл болсын!

 

       Жітіқара

ауданының әкімі                                                                                                                                         А.Жаныспаев