Қымбатты әйелдер!

Қымбатты әйелдер!

Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғасырлар бойы бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір, отбасылық береке әрқашан да әйел затына байланысты. Дәл сіздер – бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік пен нәзіктік дарыған ізгі жансыздар!     

Бүгінде әйел азаматтар өздерінді тек отбасы төңірегінде ғана емес, сонымен қатар білім, мәдениет салаларында, кәсіпкерлікте, мемлекеттік және азаматтық қызметте табысты көрсете отырып, саяси үрдістерде белсенді атсалысады.        

Аға буындағы әже-апаларымызға қажырлы еңбегі, төзімділік пен даналығы үшін ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз бүгінгі таңдағы жастарымызға баға жетпес үлгі болып табылады.  

Қымбатты ханымдар! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық пен баянды бақыт тілеймін! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер!         

Мерекелеріңіз құтты болсын!          

             

    Жітіқара ауданының

                 әкімі                                                                                                                                             А. Жаныспаев