Құрметті жітіқаралықтар!

Құрметті жітіқаралықтар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке қоғамдық келісім мен тұрақты дамуының мызғымас іргетасы болып табылатын бірлік, өзара сыйластық пен ынтымақты бейнелейді.

Алғыс айту күні жадымызда ұйымшылдық, қолдау және адамгершілік арқасында қиындықты еңсерген халықтың маңызды тарихи беттерін жаңғыртады. Бұл құндылықтар бүгінде этносаралық келісімді және қоғамдағы сенімді нығайтып, өнегелік бағыты болып қала береді.    

Қазіргі заманның сын-қатерлері кезеңінде әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілігі, жасампаз еңбегі және жарқын болашаққа деген ұмтылысы ерекше мәнге ие. Өлкеміздің бүгінгідей жарасым тапқан сән-салтанаты, өсіп-өркендеуі – тұрғындардың ауызбіршілігі мен адал еңбегінің жемісі.          

Бүгінгі мейрамда ауданымыздың дамыуына үлес қосқан, адал еңбек еткен және белсенділік танытқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. 

Халқымыздың бір-біріне деген құрмет пен ауызбіршілігін сақтай білсек, елімізді одан әрі өркендете береміз деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!