Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

2026 жылғы 26 ақпанда Жітіқара ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке кіру шарттарын түсіндіру мақсатында ауданның Мансап орталығымен өткізілетін бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.

Бос орындар жәрмеңкесі барысында барлық өтініш білдірген азаматтарға мемлекеттік қызмет туралы заңнамада бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуді тапсыру тәртібі мен шарттары, жеке қасиеттерін бағалау түсіндірілді, Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органдарында бар бос жұмыс орындарының тізбесі ұсынылды.

Ізденушілерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауаптар берілді.