
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде Жітіқара ауданының прокуратурасы Жітіқара ауданының білім бөлімімен бірлесіп ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында зияткерлік ойын ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңнама талаптарына құрметпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Аудан прокуратурасы осы бағыттағы жұмысты кәмелетке толмағандар арасында заңдылық пен құқықтық мәдениетті одан әрі нығайту мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдармен және білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүйелі және тұрақты негізде жалғастыратын болады.