Құрметті жұмыс берушілер!

Құрметті жұмыс берушілер!

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 98-бабына сәйкес 2026 жылғы 12 наурыздан бастап ЕШЕБЖ-ға ақпаратты белгіленген мерзімде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу, сондай-ақ осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген әрекет (әрекетсіздік) үшін, егер ол әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалса, лауазымды тұлғаларға айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес әрбір жұмыс беруші еңбек шарттары туралы, сондай-ақ олардағы кез келген өзгерістер жөніндегі ақпаратты арнайы мемлекеттік жүйеде тіркеуге міндетті.

Егер деректер ЕШЕБЖ-ға жүйесіне уақтылы енгізілмесе, барлық қажетті мәліметтер көрсетілмесе немесе дәйексіз ақпарат енгізілсе, онда ұйымға айыппұл салынатын болады. Айыппұл мөлшері бизнес көлеміне және құқық бұзушылықтың қайталану жиілігіне байланысты болады.

Әрбір жұмыс беруші: қызметкердің ЖСН, ұйымның БСН/ЖСН, лауазымын, жұмыс орнын, еңбек шартының мерзімін, шарттың басталу күнін және шарт нөмірін енгізуге міндетті.

Еңбек шартын тіркеу оған қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Мерзімдерді өткізіп алу немесе дұрыс емес деректерді енгізу айыппұл салуға әкеледі.

Тағайындау туралы бұйрық болмаған жағдайда да айыппұл салынады.

Жұмыс берушіге қателер анықталғаннан кейін оларды түзетуге 30 жұмыс күні беріледі.