Қазақстан Республикасында қиын өмірлік жағдай — бұл адамның өмірін күрт қиындататын және оны өз бетінше еңсере алмайтын жағдайлар.
Оған мыналар жатады: мүгедектік, жетімдік, баспанасыздық, қатыгездік көрсету, ауыр аурулар, жұмыссыздық, қарттық және күтімнің болмауы.
Кім көмек көрсетеді?
Көмек мемлекет тарапынан:
•әлеуметтік қорғау органдары,
•денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары,
•Отбасын қолдау орталықтары арқылы көрсетіледі.
Әр адамға жеке көмек жоспары жасалады.
ҚӨЖ қашан танылады?
Егер:
•мүгедектік немесе өзін-өзі күтуге қабілетсіздік болса;
•ата-анасының қамқорлығынсыз қалса;
•кәмелетке толмаған бала қараусыз қалса;
•зорлық-зомбылық немесе қатыгездік көрсе;
•тұрақты тұратын жері болмаса;
•бас бостандығынан айыру орындарынан босатылса;
•әлеуметтік мәні бар аурулар болса.
Қандай көмек көрсетіледі?
•кеңес беру және ақпараттандыру;
•психологиялық және құқықтық қолдау;
•жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
•ҚӨЖ-ден шығуға дейін әлеуметтік сүйемелдеу.
Сіздің құқықтарыңыз
ҚӨЖ-дегі әр адам:
•әлеуметтік көмек алуға жүгінуге;
•өз құқықтары туралы ақпарат алуға;
•қызмет көрсетушіні таңдауға;
•лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдануға құқылы.
📌 Маңызды: Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қиын өмірлік жағдайға тап болсаңыз — көмек жаныңызда. Проблемаман жалғыз қалмаңыз..