Жітіқара ауданының әкімідігі мен «Костанайские минералы» АҚ арасындағы Меморандумға қол қою

Жітіқара ауданының әкімідігі мен «Костанайские минералы» АҚ арасындағы Меморандумға қол қою

Мемлекет Басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындар қызметінің ажырамас бөлігі болуға тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Өңірлердің тұрақты дамуы жағдайында бизнестің әлеуметтік міндеттерді шешуге, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға белсенді қатысуы ерекше маңызға ие. Дәл осы тәсіл Президенттің мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестікті нығайту, сондай-ақ аумақтардың теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына сәйкес келеді.

Жітіқара ауданының әкімідігі мен «Костанайские минералы» АҚ арасындағы 91 миллион теңгеден астам сомаға ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою - осы саясатты жергілікті деңгейде іске асырудың жарқын үлгісі. Қол жеткізілген келісім Мемлекет Басшысының өңірлерді дамытуға және бизнес пен билік органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындаудағы кезекті қадамы болып табылады.   

 

Жітіқара қаласының қала құраушы кәсіпорны көптеген жылдар бойы қала мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысып келеді. Әлеуметтік сала мен инфрақұрылымды қолдау компания үшін тұрақты және жүйелі жұмыс бағыты болып қала береді. Жыл сайын «Костанайские минералы» АҚ жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін жобаларды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, аудан әкімдігімен меморандум жасалады.  

Ағымды жылда Меморандум «Абай жолы» аллеясын абаттандыруды, гимназия аумағында тартанмен қапталған жүгіру жолын орнатуды, сондай-ақ мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларын өткізуді көздейді. Бұдан басқа, құжат ауданның әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзге де бастамаларды қамтиды.

Меморандумда көзделген жобалардан басқа, кәсіпорын Жітіқара ауданының өзге де әлеуметтік бастамаларына белсенді қатысып, компания қызметкерлері, олардың отбасылары және ауданның барлық тұрғындары жұмыс істейтін және тұратын аумақтың тұрақты дамуына үлес қосатынын атап өткен жөн.